Торайғыров университеті мен Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ынтымақтастық жөніндегі меморандумы аясында ЖОО қызметкерлері департамент жетекшілеріне дәріс оқыды. 

Экономика кафедрасының профессоры Ақмарал Қадырова «Стратегиялық менеджмент құралдары» тақыры бойынша дәріс оқыды. 

Дәріскер «бірінші кезекте адам» моделі туралы айтып, ұйымдастырушылық даму құралы, болжанған нәтижелер ретінде мақсаттарды қайта композициялау және қоюдың нақты кейстерін көрсетті. 

Тыңдаушылар кейстер жұмысына белсенді қатысып, стандартты емес шешімдерін ұсынды. 

Жұмыс берушілер мен ЖОО ғалымдарының бірігуі барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда стратегиялық менеджменттің өткір мәселелерін терең қарайтын сұранысы жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.