«Шығармашылық шеберхана» - әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, сәулет және дизайн кафедраларының Beisembayev Library-мен бірлескен жобасы. Кескіндемеші-суретші Алтын Кисамиденова білім алушылар үшін шеберлік сабағын өткізді. 

«Дала сұлулары» портреттік серияның авторы тәжірибесімен бөлісіп, кескіндеме мен графикада пастельді пайдалану әдістерін көрсетті. 

Пастель  сурет пен кескіндеменің шекарасында орналасқан. Түстердің сан алуандығы шығармашылық пен түстердің үйлесіміне еркіндік береді. Бұл - өте мобильді материал. Штрихті немесе кескіндеме нүктелерімен салуға болады.

Студенттер мен оқушылар адам портреттерін бірегей техникамен салу мүмкіндігіне ие болды.