Торайғыров университетінің студенттері «BILIM HACKATHON-2022» ІТ байқауында үздік ондыққа енді. 

 

ІТ-жарыс колледж және жоғары оқу орнындарынан келген 107 команданың басын қосты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауына ие болған байқау  Astana IT-University базасында офлайн-форматта өтті. 

Қатысушылар білім беру саласында цифрлық жобалар әзірлеу бойынша жарысты. 24 сағат ішінде еркін және тапсырылған тақырып бойынша жоба жасады. Үздік жобалар болашақта сала бойынша енгізіледі. 

Байқаудың жүлде қоры 3 млн. тенге. Сонымен қатар, жүлделі студенттер қазақстандық ІТ- компанияларға жұмысқа тұрға мүмкіндік алады. Кәсіпорындардың қатарында  Daryn online, BTS Education, EDUS және Mail.kz бар.