Торайғыров университеті Оқушылар сарайымен  бірге облыс мектептерінің оқушылары үшін археологиялық мектеп ашты. 

Жобаға танымал археолог, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц жетекшілік етеді. Ғалым 140-тан астам ғылыми материалдың авторы, Павлодар облысындағы палеолит және неолит кезеңдері тұрақтарының зерттеушісі, Торайғыров университеті Ә. Марғұлан атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 

Оқушылар сарайында мамандандырылған кабинет жабдықталған, жас археологтар тарихқа үңіле алады. 

Оқытушылардың көмегімен жүзеге асырылатын жоба балаларға болашақ мамандықтарын таңдап, Ертіс өңірінің археологиясымен танысуға мүмкіндік береді. 

Археологиялық мектеп оқушылары жазда экспедицияға барады. 

Қазіргі уақытта мектепке қабылдау жалғасын табуда. Байланыс телефоны 

+7 707 494 63 09.