Торайғыров университеті дарынды ауыл жастары, «Алтын белгі» иегерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, әлеуметтік қорғалмаған жастарға, оқуға түсу бойынша көп өтініш түскен мектептердің педагогикалық ұжымдарына 100 грант сыйлайды. Гранттардың 30-ына пән олимпиадаларының жеңімпаздары ие болады. 

24 наурызда Торайғыров университетінде колледж студенттері мен оқушылар олимпиадасы басталады. Жеңімпаздар университет гранттарына ие болады. Екінші орынға 1 курстың ақысын төлеуге 50 пайыздық, ал үшінші орын иегеріне 30 пайыздық жеңілдік беріледі. 

Бірінші тур онлайн-форматта 24 наурызда, екінші тур 28 наурызда күндізгі режимде салалық пәндер бойынша өтеді. 

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді:

1. Математика – физика

2. Математика – география

3. Физика – химия

4. Биология – химия

5. Биология – география

6. География – шет тілі

7. Дүниежүзі тарихы  – география

8. Дүниежүзі тарихы – шет тілі

9. Дүниежүзі тарихы – Құқық негіздері

10. Қазақ тілі және әдебиеті

11. Орыс тілі және әдебиеті

Олимиадаға қатысуға өтініштер 20 наурызға дейін https://olymp.tou.edu.kz сайтында қабылданады.

Шығармашылық мамандықтардың өтініштері 10 сәуірге дейін шығарушы кафедраның ерекшелігіне байланыстыolympiadcontest_tou@mail.ru поштасы бойынша қабылданады.