Торайғыров университеті шығармашылық және ғылыми қызметке бет бұрған түлектерге басымдық береді. Сондықтан, TOU оқу орындарында ерте кәсіби бағдарлау шараларын жүргізеді. Олардың қатарында дарынды балаларға арналған және мамандандырылған мектептер бар. 

Назарбаев зияткерлік мектебі - Павлодар облысындағы жетекші мектептердің бірі. ҰБТ-дағы орташа балл - 133,  IELTS емтиханындағы орташа балл -  6,8. Түлектердің 100% ЖОО-на оқуға түседі. Біздің профессорлар Назарбаев мектебімен бірнеше жыл серіктес, оқушылармен бірлескен ғылыми жобаларын жүзеге асыруда. 

Жоғары оқу орнының өкілдері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына дәріс оқып, қабылдауға дайын. Талантты балаларға тегін оқуға 100 грант бөлінді. 

Назарбаев мектебінің түлектері Торайғыров университетіне түссе, бір жылға аз оқиды. Академиялық мобильдік шеңберінде жастар кез келген шетелдік серіктес оқу орнын таңдай алады. IELTS сертификатының пайдасы бар. 

ToU және Назарбаев зияткерлік мектебі ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүдделі.