Торайғыров университеті жұмыс тобының өкілдері Эразмус+ «Студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен инновациялық жолдардың көмегімен TRIGGER - Орталық Азия түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы ынталандыру» жобасы шеңберінде Еуропа мен Орталық Азиядағы серіктес университеттердің кездесуіне қатысты. Дөңгелек үстел Словакияның Кошице техникалық университетінде өтті. 

TRIGGER жобасы екі негізгі факторға негізделген - адами ресурстарды дамыту және Орталық Азия елдерінің түлектерін жұмысқа орналастыру үшін еңбек нарығын нығайту. 

Кездесу нәтижесінде серіктес жоғары оқу орындары еуропалық сарапшылар әзірлеген HE Innovate палтформасын пайдалану дайындығына сараптама жасады.  

Осы жылдың мамыр айында Орталық Азиядағы оқу орындарының түлектері Université Côte d'Azur университетінде білім алады деп жоспарланған. (Ницца қ). 

IDEC еуропалық ұйымы ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру және университеттер мен компаниялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту тақырыптарында тренингтер өткізеді.