Торайғыров университетінде "AMANAT" партиясының қалалық активі партияны модернизациялау мәселеліне креативті жүргізуді талқылады. Қалалық филиалдың төрағасы Асайын Байханов, AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Айнұр Мүхамедьярова және қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова партия жұмысын жетілдірудің жеті басымдығы туралы айтып берді.

Тренинг қатысушылары үш топқа бөлінді: ПОҚ, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар. 

Бұл әдіс серіктестіктің жаңа формаларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселе бойынша «Melek» ҚҚ-ның төрайымы Марина Фисун құнды ақпаратпен бөлісті. 

Тренинг барысында SWOT-сараптама, жұмысты жаңаша жүргізу бағыттарының артықшылықтары қарастырылып, партиялықтардың ұсынысы бойынша презентация жасалды. Әлеуметтік желі мысалында бірыңғай коммуникациялық желі құру, сараптамалық топтарды құру, орындау, нәтижелік критерийлерін әзірлеу, мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты индикаторларына қол жеткізу, сонымен қатар, ПОҚ алаңдарында стратегиялық сессияларды ұйымдастыру, семинарлар өткізу және т.б. сұрақтар талқыланды.