ЖОО мен жергілікті кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы аймақтық экономиканың сұранысын өтейді. Университет басшылығы «Qaz Basis Consulting» және «Проммашкомплект» ЖШС-мен серіктестік мәселесін талқылады. Бұл зауыттар отандық теміржол саласының локомотиві болып табылады. 

Сарапшылардың айтуынша, TOU түлектері екібастұздық өндірісте еңбек етуде. Оқу орны студенттерді еңбекке тартуға бағыт алған дуалды білім беру бағдарламасына басымдық беруде. Студенттер мен оқытушылар кәсіпорын қызметкерлерімен бірге теміржол кешенінің жұмысын оңтайландыру және жақсарту бойынша жобалар әзірлеп жатыр. Кей жобалар коммерцияландырылады. 

Торайғыров университеті үш жақты келісім шеңберінде Омбы МТУ-мен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтпек. Студенттер екі дипломды білім алу мүмкіндігіне ие болады. Әлеуметтік серіктестер екі дипломды мамандарды даярлауға қаржы бөлуге әзір. Бұл шешім білікті инженерлік кадрларды даярлап, жергілікті мамандардың әлеуетін арттырады.