Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Торайғыров университеті» КЕАҚ студенттеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды.

Кездесуде жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылды.
«Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді. Оны болдырмауға арналған құралдар бар, оларды пайдалану керек. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – оны азайту және жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдау. Жоғары оқу орындарынан адал еңбекті бағалайтын және өз Отанына қамқорлық көрсететін еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп шығару"-деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.
Сонымен қатар, кеңесте еліміздің университеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет университеттер құрылымында көрсетілген қызметтерді ашып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтының жұмысын ұйымдастыру бөлігінде барлық мүмкін әдіснамалық көмек көрсететін болады.
Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру білім беру саласы қызметінің сапасы мен тиімділігін бағалауда маңызды критерий болып табылады.