2021 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығының қорытындысы шығарылды. 16 ЖОО мен алты ғылыми-зерттеу институтының 50 ғалымы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы куәлік пен 2000 АЕК көлемінде, яғни, 5 млн. 834 мың теңгеге ие болады.

Конкурсқа жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және технологиялар, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бағыттары бойынша 575 өтініш түсті.

Сыйлыққа ие болғандар қатарында Торайғыров университеті «Үштұғырлы тіл» кафедрасының кафедрасының қауымдастырылған профессоры Альбина Әнесова бар.

Ғылыми жетістіктерді бағалау критерийлерін ғылыми сарапшылық қауымдастығы әзірледі. Ғылыми дәреже, ғылыми жарияланымдар, ғылыми жобалар мен бағдарламалардың болуы ескерілді. Бұл тұрғыда соңғы жылда университетте кем дегенде бір пән бойынша оқыту, сонымен қатар, соңғы үш жылда PhD философия докторын дайындау және ғылыми мәселер бойынша кеңестік органдарда жұмыс істеу жағы қаралды.