Инженерия факультетінің «Сәулет және география» кафедрасының РhD докторы Әлия Алдоңғарова «Erasmus +» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде біліктілігін арттыру курсынан өтіп, Испаниядағы Мадрид политехникалық университеті жоғары техникалық сәулет мектебінің студенттеріне дәріс оқыды.

Дәріс тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы құрылыс ерекшеліктері». Сонымен қатар, материалды игеру бойынша байқау өткізілді.

Айта кетейік, осы университетте  «Erasmus +» бағдарламасы бойынша «Сәулет және дизайн» кафедрасының магистранттары құрылыс материалдары мен конструкциялары бағыты бойынша оқуларын аяқтауда.

Қауымдастырылған профессор Әлия Алдоңғарова Мадрид университетінің зертханаларында магистранттарға «Құрылыс материалдары өндірісіндегі нанотехнологиялар» тақырыбында сабақ өткізді.