Торайғыров университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

 

Университет ректоры Еркін Садықов әріптестеріне білім беру саласын дамыту, университеттің гүлденуіне бағытталған тынымсыз еңбектері үшін алғысын білдірді.

Шара барысында бір топ азамат Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Торайғыров университетінің медалі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыс әкімі мен облыстық мәслихат атынан Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарға ие болды.

Игі шара студенттік филармония әртістерінің қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.