Торайғыров университетінде 13-27 желтоқсан аралығында тіл, қоғам және мәдениеттің өзара әрекеттері аспектілері бойынша біліктілікті арттырудан халықаралық курстар өтеді. Шараны түркиялық профессор Гулсум Сонгуль Эркан өткізеді.

Гулсум Сонгуль Эркан - әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, гендерлік лингвистика саласының маманы.
HR-қызмет ұйымдастырған курстар Торайғыров университетінің оқытушыларына дискурсивті сараптама, мәтіндердің типологиясы және әдеби жанрлардың жаңашыл әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Тыңдаушылардың айтуынша, сабақтар қызықты өтеді. Профессордың оқыту әдістері зерттеушілік сипатқа ие. Курстар қазақстандық университетке шетелдік оқытушыларды тарту бағдарламасы шеңберінде өтуде.