Торайғыров университетінің Enactus резиденттері зағип жандарға арналған құрылғы жасау жобасын әзірлеуде.

Speaker Desk – Брайль қарпіндегі кез келген мәтінді аударып, қолданушыны шет тілдеріне бейімдеуге арналған.

Құрылғы, сонымен қатар, сканерленген материалды дыбыстап, Брайль қарпін үйренуге мүмкіндік береді.

Құрылғы  Arduino платаларында орналасқан, декодер-аударма және мәтіннің сканері бағдарламасында жұмыс істейді.

Жоба авторы Әділ Кайкеновтың айтуынша, осы тектес құрылғылар бар. Дегенмен, бірі Брайль алфавитіне үйретеді, екіншілері тек сканерленген мәтінді дыбыстайды.

«Біздің құрылғы кез келген тілдегі мәтінді сканерлеген кезде оны орыс тіліне аударады және Брайль шрифтінде тақтаға шығарады. Қажет болса, дыбыстайды. Ұқсас құрылғылар сканерленген тілдегі мәтінді дыбыстай алмайды».

Enactus командасының капитаны Әліхан Арынтайдың айтуынша, қазіргі уақытта құрылғыны алуға болатын сайт жасалуда. Сонымен қатар, еліміздің зағиптар  қоғамымен әріптестік орнатылмақ.

Жобаны жүзеге асыру үшін 7400$ инвестиция тарту қажет.