Торайғыров университетінде «Сәулет жән дизайн» кафедрасы оқытушыларының суреттер көрмесі ашылды..

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «SevenART» жобасы аясында кафедра оқытушылары - дизайнерлер, сәулетшілер, суретшілер мен құрылысшылар 65 картинасын ұсынды.

Тәуелсіздік күніне орайластырылған көрмедегі жұмыстар түрлі жанрларда көрсетілген. Графика, акварель, кесіндеме, майлы бояу. Көрмеде түрлі техникада орындалған шығармаларды көруге болады. Пейзаж, сәулеттік ғимараттар мен абстракция да қамтылған.

- Ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы суретшінің даралығын көрсетеді. Олардың әрқайсысы шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, еңбектенгенін дәлелдеді, - дейді музей кешенінің директоры Гүлнәр Рақымжанова. Нейрографика түріндегі Галина Якубовскаяның еңбегі, философиялық мандал ретіндегі Жұлдыз Тәниеваның еңбегі, Серікбай Аманжоловтың «Айттым сәлем Қаламқас» композициясы, Сәуле Әбішеваның кескіндемесі мен Марина Сербинаның графикасы ерекше деп есептеймін.

Университетте шығармашылық жандар баршылық. Мәселен, біздің әріптесіміз, кітапхана қызметкері Тілеулес Әбелдинова өз жұмыстарын алғашқы рет көрсетті.

Көрме желтоқсан айының соңына дейін ашық.