Жастар ұйымдарының көшбасшыларымен студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі талқыланды.

Шара сұрақ-жауап форматында өтті. Жастар ұйымдары үшін коворкинг құру, #ecotou жобасы үшін батареялар мен қақпақтарды жинау жәшіктерін жасау, университетке демалыс және мереке күндері келу мәселелері шешілді.

Сонымен қатар, волонтёрлік жұмыс кезінде студенттер салалық емес пәндер бойынша оқу кредиттерінің бір бөлігін жаба алады. Ал «Мұрагер» шығармашылық бірлестігі үшін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сарапшылары шеберлік сағаттарын өткізеді.