Торайғыров университетінде жаратылыстану ғылымдары факультетінде PhD докторы дәрежесіне диссертацияларды қорғау өтті.

«Биология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында университетіміздің және өзге оқу орындарының 8 докторанты қорғалды. Осы жолы ізденуші Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен келді.

Жоғары оқу орнында іргелі зоология және паразитология саласында ғылыми мектеп қалыптасты. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты - аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелерді шешу. Мәселен, жануарлар және өсімдіктер әлемінің биоалуандығы, аймақтың өнеркәсіптік  зоналарының ластану биоиндикациясы және т.б.