Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Торайғыров университетінде студенттер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті.

Шараны «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

Турнирдің судьялары Ержан Балтабаев, Асқар Куватов, Төлеген Омаровтың айтуынша, мақсат - зияткерлік ұлттық ойындарды насихаттау.

«Тоғызқұмалақ логика, ойлау қабілеті, зейін мен өзге де қасиеттерді дамытады. Болашақта қазақ ұлттық ойыны шахмат пен шашки сияқты әлемге танымал болады деген сенімдемін», - дейді Асқар Куватов.

Қыздар арасында бірінші орынға А-102 тобының студенті Дильназ Текжанова ие болса, күміс жүлде ҚТ-101 тобының студенті Айша Магмуроваға бұйырды. Үздік үштікті ТМЖ-201 тобының студенті Әсел Шалабаева түйіндеді.

Жігіттер арасында бірінші орынды М-101 тобының студенті Бекзат Бекбаев жеңіп алды. Күміс жүлде С-101 тобының студенті Даниил Ғаббас, қола жүлде Тар-101 тобының студенті Мұратбек Тұрғыновқа бұйырды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!