Торайғыров университетінің құқықтану кафедрасының студенттері аға оқытушы Марина Баданинаның жетекшілігімен Павлодар облыстық полиция департаментінде криминалистика бойынша білімдерін молайтуда. Үрдіс дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.

Жастар тәжірибе барысында жаңа тергеу әрекеттерін орындайды. Мәселен, тергеу эксперименті, анықтау, оқиға орнын тексеру, заттай айғақтарды тәркілеу және т.б.

Болашақ криминалистер жасалған қылмыстың бетін ашып, оның себептерін анықтайды. Қылмыскердің ортасын зерттеп, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.