Қазақстанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ауылдық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бойынша "Ауылыма кітап" республикалық қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда. Үлкен бастаманы Торайғыров университеті қолдап, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аймақтық офисіне көркем, ғылыми-көпшілік, оқу әдебиетін табыстады.

Олар: Сұлтанмахмұт Торайғыров, Махамбет Өтемісов, Ілияс Жансүгіров, Немат Келімбетов шығармалар жинақтары, Ертіс өңірінің танымал тұлғалары туралы кітаптар, Қазақстан тарихы, мал шаруашылығы, археологиялық ескерткіштер бойынша оқу әдебиеттері.

– Таңдалған басылымдар ауылда жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және Қазақстан халқының тарихи және мәдени құндылықтарына деген қастерлі қарым-қатынасқа ықпал етеді деп үміттенеміз, - деп атап өтті Beisembayev Library директоры Гүлжан Аманова.