Торайғыров университетінде География үйінің директоры Александр Вервекинмен бірлесіп "География және туризм" кафедрасы ұйымдастырған географиялық кино күні өтті.

Іс-шараға Павлодар қаласының  студенттері мен оқушылары қатысты. 

Репертуарда "Ертіс және жастар", "Ертіс кеме қатынасы" ,"108 сағат" және "Қаздың ұшуы" деректі фильмдері болды.

Кездесу форматы жас ұрпақты туған өлкенің тарихымен, географиясымен және отандастарымыздың жетістіктерімен таныстыру құралы, жеке ғылыми зерттеулер мен жетістіктерге шабыт ретінде қызмет етті.